17 наурыз 2017 | 14:51

Ақтөбеде арнайы операция кезінде көзі жойылған адамның жерлеу рәсімінде телеоператор соққыға жығылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© glavred.info © glavred.info

Ақтөбеде арнайы операция кезінде көзі жойылған адамның жерлеу рәсімінде телеоператор соққыға жығылды, - деп хабарлайды "Диапазон". "Қазақстан" телеарнасының Ақтөбедегі филиалының басшысы Ернұр Бураханның айтуынша, түсірілім жасап тұрған операторды белгісіз біреулер құлатып, тепкінің астына алған. 


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде арнайы операция кезінде көзі жойылған адамның жерлеу рәсімінде телеоператор соққыға жығылды, - деп хабарлайды "Диапазон". "Қазақстан" телеарнасының Ақтөбедегі филиалының басшысы Ернұр Бураханның айтуынша, түсірілім жасап тұрған операторды белгісіз біреулер құлатып, тепкінің астына алған. 

Соның салдарынан камера сынған. Сонымен қатар, олар телеарна журналисі Әлия Оразайдың және Nur.kz порталының тілшісі Ардақ Ерубаеваның фотоаппаратын сындырып, қоқан-лоқы көрсеткен. Оларды өлтіреміз деп қорқытқан. Осыған байланысты журналист полицияға арыз берген. Оператор Мейірлан Аманжолов полиция шақырған, оның жарақатын құқық қорғау қызметіндегілер тексерген. 

Еске салайық, Ақтөбеде жергілікті тіс емдеу мекемесінде арнайы операция өтіп, тіс дәрігерін кепілде ұстаған ер адамның көзі жойылған еді. Ер адам бұрынғы әйелін алып келуін талап еткен, бұл талабы орындалмаса кепілдегі әйелді өлтіремін деп қорқытқан. Оқиғаның видеосы пайда болды. Жергілікті тұрғын тіс дәрігерін мекеме ғимаратының ішінде кепілге алған. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл стоматологияда оның бұрынғы әйелі жұмыс істеген. Оқиға кешкі уақытта болғандықтан, медмекеменің ғимаратында клиент болмаған, тек персоналдан бірнеше адам қалған. Оқиға "Батыс" ауданында болды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети