13 ақпан 2014 20:05

Ақтөбеде балабақша есепшілері 85 миллионнан астам теңгені жымқырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

tengrinews.kz иллюстрациясы tengrinews.kz иллюстрациясы

Ақтөбелік бірнеше балабақшаның есепшілері 85 миллионнан астам теңгені жымқырған деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Ұрлық жасады" деп айыпталып отырғандар - "Ақ қайың", "Орман ертегі" және "Қонжық" балабақшаларының есепшілері. Қаржы полициясының Ақтөбе облысы бойынша департаменті "Ақ қайың" мектепке дейінгі білім беру мекемесінің бас бухгалтеріне қатысты "Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденді және ысырап жасады" деген баппен қылмыстық іс қозғады. Қаржы полициясы мәліметіне сүйенсек, балабақшаның бас бухгалтері 2008-2013 жылдар аралығында балабақшаның есеп-шотына ата-аналардың мектепке дейінгі мекеменің қызметі үшін аударған ақшасын ұрлап, мемлекетке жалпы сомасы 16 миллион теңге залал келтірген. Сондай-ақ департаменттегілердің айтуынша, Ақтөбеде "Орман ертегі" және "Қонжық" мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің бас бухгалтері де ұрлық жасаған. Қаржы полициясының мәліметінше, есепші әйел бұл мекемелерден 69 миллион теңге жымқырған. Осыған дейін Ақтөбе облысының басқа да есепшілері түрмедегілердің қаражатына қол сұғып келгенін айтқан болатынбыз. Ол кезде "Еңбек Ақтөбе" РМК директоры мен есепшісі түзеу мекемесіне бөлінген 63 миллион теңге бюджет ақшасын өз қалталарына басып қалған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети