17 ақпан 2014 | 15:40

Ақтөбеде баптистердің заңсыз діни ұйымы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Remarka.kz ©Remarka.kz

Ақтөбеде "Евангелия христиан-баптистері шіркеулерінің халықаралық кеңесі" деп аталатын еш жерде тіркелмеген діни ұйым анықталды деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақтөбе облысы прокуратурасына сілтеме жасап. Прокурорлардың мәліметінше, діни ұйым мемлекеттік тіркеусіз жұмыс істеп жатыр. Ақтөбенің ескі бөлігіндегі жеке үйлердің біріне заңсыз діни ұйымға мүше 70-ке жуық адам жиналатын болған. Олардың арасында балалар да бар. Ұйым өкілдері жиналатын үйдің бір жағы діни рәсімдер мен жиналыстар өткізуге арналып жабдықталған. Прокурорлар бұл жерден діни кітаптарды тәркілеп, оларға дінтану сараптамасын тағайындады. "Қазіргі уақытта осы факті бойынша қосымша тексеріс жүргізіліп жатыр, кінәлі тұлғаларды заңсыз діни ұйымды басқарғаны және оның жұмысына қатысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде. Бұл санкция 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуды қарастырады", - дейді облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Читайте также
Join Telegram
Алматыда жер сілкінді

Валюта бағамы

 492.2   529.13   5.02 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети