08 ақпан 2019 12:19

Ақтөбеде ерлі-зайыпты үйлерді тонаумен айналысқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алау © Алау

Полиция қызметкерлері жедел тергеу шаралары барысында пәтер тонау дерегі бойынша отбасылық жұпты ұстады, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".


Полиция қызметкерлері жедел тергеу шаралары барысында пәтер тонау дерегі бойынша отбасылық жұпты ұстады, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Күдіктілер арнайы қызмет киімін киіп, үйлердің есігін қағатын болған. Егер үйде біреулер болса, онда коммуналдық қызмет мамандарымыз деп таныстыратыны айтылады. 

"7 ақпанда 9:00-де Құлымбетов көшесінің бойындағы жеке үй тоналған. Қаскөйлер темір торды жұлып алып, үйге терезе арқылы кірген. Алтын бұйымдар, ақша және ыдыс ұрланған. Оқиға болған жерден жақын маңда ішкі істер басқармасының криминиалдық полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласының тұрғындары ер адам мен әйел адамды ұстады", - деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері. 

Қазіргі уақытта күдіктілердің басқа да істерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети