01 сәуір 2019 15:56

Ақтөбеде кәсіпкерден 43,5 миллион теңге бопсалаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

Ақтөбеде қылмыстық топ мүшесі жеке кәсіпкерден 43,5 миллион теңге бопсалаған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".


Ақтөбеде қылмыстық топ мүшесі жеке кәсіпкерден 43,5 миллион теңге бопсалаған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған 32 жастағы ер адам қылмыстық топтың мүшесі екен, ол бұрындары үш рет ұрлық, қарақшылық шабуыл және бұзақылық үшін сотталғаны анықталған.

Айта кетейік, күдікті 2018 жылдан бері бопсалау қылмысы үшін халықаралық іздеуде жүрген. 

"Қорқыту және күш қолдану арқылы ол сыбайластарымен бірге жеке кәсіпкерден аса ірі көлемде (43,5 миллион теңге) қаражат бопсалаған. Бопсалау дерегі бойынша ұсталған (қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторында) сыбайластарының ісі 2019 жылы ақпанда сотқа жіберілген", - деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети