12 желтоқсан 2016 10:21

Ақтөбеде мұнай ұрлығы ісі бойынша тағы 7 адам қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ақтөбеде мұнай ұрлығы ісі бойынша тағы 7 адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақтөбеде мұнай ұрлығы ісі бойынша тағы 7 адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ақтөбе қалалық №2 сотына арнайы операция кезінде ұсталған Б.К.Батыров, Н.С.Қазкенов, С.Б.Дусупов, Е.У.Еркетаев , А.А.Амитов, Ж.М.Ілиясов, А.М.Қалиев, А.Ж.Сәрсенов және Еркін Ізбасарға (1-ші топтағы мүгедек) қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу туралы өтініш келіп түсті", - делінген хабарламада.

Бұл тұлғаларға ҚР Қылмыстық кодексінің 197-бабының 4-бөлігі 1,2-тармақтары ("Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу") және 262-бабының 2-бөлігі ("Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу") бойынша күдік келіп отыр.

Қамауға алынғандардың ішінде "Ағайынды төртеу" қылмыстық тобының жетекшісі Еркін Ізбасар да бар.

"Соттың қаулысымен Б.К.Батыровқа, Н.С.Қазкеновқа, С.Б.Дусуповқа, Е.У.Еркетаевқа, А.А.Амитовқа, Ж.М.Ілиясовқа, А.М.Қалиевқа және Е.Ж.Ізбасарға қатысты екі айға қамауға алу туралы өтініші қанағаттандырылды", - деп хабарлады соттағылар.

Еске сала кетейік, Еркін Ізбасар Ақтөбедегі мұнай базасының территориясында ірі арнайы операция жүрген күні Алматыда ұсталған болатын. Ұйымдасқан қылмыстық топтың лидерімен бірге оның оққағары мен жүргізушісі ұсталған еді. Ал кейінірек мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жетекшісі Ақтөбеге ҰҚК ұшағымен жеткізілген болатын. Еркін Ізбасаровпен бірге оның көлік жүргізушісі мен оққағары да қазір Ақтөбеде. Енді оларды мұнай ұрлығына қатысты осында тергейтін болады. Ізбасаровтің аймақтағы жат ағымның жетегінде кеткен жігіттерді өз пайдасына жұмсап отырғаны белгілі болып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети