31 наурыз 2021 18:10

Ақтөбеде ірі арнайы операция: 27 миллион теңгенің есірткісі тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Ақтөбе полицейлері ірі арнайы операция барысында есірткі сатушылардан 27,2 миллион теңгеге тыйым салынған заттарды тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Ақтөбе полицейлері ірі арнайы операция барысында есірткі сатушылардан 27,2 миллион теңгеге тыйым салынған заттарды тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ұлттық ұланның арнайы мақсаттағы жауынгерлерімен бірге жедел операция өткізу барысында қылмыстық топты құрықтады. Полицейлер қылмыстық топ мүшесінің Ақтөбе облысы аумағында аса ірі көлемде марихуана мен гашиш тасымалдау және сақтаумен айналысқанын анықтады. 

"Ақпарат таралып кетпес үшін тінту және ұстау шарасы бірден бірнеше мекенжайда жүргізілді", -деді Ақтөбе облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұрлан Таушанбаев.

Жұбановтар көшесінде "Toyota-Raf4" маркалы көлік тоқтатылды. Көлік тізгінінде 54 жастағы есірткі жеткізуші болған. Оның мекенжайынан барлығы 5 келіден аса гашиш табылды.

"Оның жанында екі танысы болды. Олардың бірінде өзімен бірге 1 келіден аса марихуана және 10 грамнан аса гашиш болды. Пәтерін тінту кезінде 22 келіден аса марихуана табылды",- делінген ведомство хабарламасында.

Тәркіленген есірткінің "қара нарықтағы" құны 27,2 миллион теңге.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҚК-ның 296-бабы 4-бөлігі ("Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау") және 297-бабы 1-бөлігі ("Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталғандардың бәрі Ақтөбе қаласында уақытша ұстау изоляторына қамалды",- деді полиция өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети