15 тамыз 2021 09:19

Ақтөбеде тергеу изоляторының бақылаушысы сотталушыны алдап, басы бәлеге қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ақтөбеде тергеу изоляторының бақылаушысы алаяқтық жасағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.


Ақтөбеде тергеу изоляторының бақылаушысы алаяқтық жасағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Іс материалдары бойынша, тергеу изоляторының 30 жастағы қызметкерінен сотталушылардың бірі аумаққа ұялы телефон алып келуін сұраған. Бақылаушы мұны сыйақыға жасай алатынын айтқан. Арада біраз уақыт өткен соң қызметкердің банк картасына 100 мың теңге аударылады, бірақ ақшаны алған соң, ол өтінішті орындамайды.

"Мен сотталушының өтінішін орындай алмайтынымды білдім, бірақ маған ақша керек болды", - дейді айыпталушы.

Ол оны бас бостандығынан айырмауды, айыппұлмен жазалауды өтінді. Ал жәбірленуші ақша қайтарылғанын, ешқандай шағым жоқ екенін айтты.

Сот тергеу изоляторының бұрынғы қызметкерін "аға сержант" атағынан айырып, мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істеуге тыйым салып, 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.

Үкім заңды күшіне енгенге дейін ер адам өзі жұмыс істеген тергеу изоляторына қамалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.66   490.7   4.89 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети