Ақтөбедегі мектеп түлегінің өлімі: Күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

03 Қыркүйек 2018, 08:54
0
Ақтөбедегі мектеп түлегінің өлімі: Күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін - ©aktobetimes.kz
©aktobetimes.kz

Ақтөбеде мектеп түлегін өлтірді деген "Алтын Белгі" иегеріне қатысты сот отырысы өтті. Полиция қызметкерінің ұлы тамағына тиген пышақ соққысынан кейін қаза тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Актобе Таймс" басылымына сілтеме жасап. 

31 тамызда осы іске қатысты алдын ала сот тыңдауы өткен. Сот отырысында күдікті К.Бекназға алқибилер алқасын пайдалану ұсынылды, алайда ол одан бас тартты. Сотталушының заңгері сот отырысында екі қыз бен сыныптастарын қылмыстық іс бойынша амбулаторлық картаға тіркеу арқылы шақыруды сұрады. Бекназ төбелес кезінде жарақат алғанын және мұғалім мен оқу ісінің меңгерушісінен өзінің сипаттамаларын алып, әлеуметтік желіде соңғы рет кіммен сөйлескені, телефон жазбасын сот ісіне қосуды сұрады. 

Басылымның хабарлауынша, марқұмның әкесі Ақтөбенің полиция қызметкері болып жұмыс істейтіні сотта аталып өткен. 

Басты сот отырысы 2018 жылдың 3 қыркүйегінде өтеді. 

№ 19 мектептің оқушысы Азат Дүсіпов 17 маусымда "Ақтөбе" - "Ордабасы" футбол ойынан кейін өлтірілген. Азаттың достарының айтуынша, зардап шегуші де, күдікті де сол күні Орталық стадионда болған, алайда бірін-бірі танымаған. Екеуінің арасындағы кикілжің түнгі сағат он екіде Түрген көшесінің бойындағы жатақхана ғимаратының артында болған. Төбелес болған жерде бақылау камералары болмаған екен. Тамаққа тиген пышақтан 17 жастағы мектеп түлегі Облыстық клинакалық балалар ауруханасында қайтыс болған. 

К.Бекназға туған күні 8 тамызда айып актісі тапсырылды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі, 9 және 14-тармақтары бойынша ("Көрінеу кәмелетке толмаған адамды бұзақылық ниетпен өлтіру") айып тағылды. Кінәсі дәлелденсе, осы бап бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай