06 қаңтар 2017 17:57

Ақтөбелік оқушылар Ресейде қарулы жиһад жасамақ болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбенің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу" бабы бойынша айыпталған ер адамдарға қатысты сот үкімін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақтөбенің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу" бабы бойынша айыпталған ер адамдарға қатысты сот үкімін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот материалдарына қарағанда, С.Р. Құдайбергенов шетелдегі діни экстремизм уағыздаушыларының радикал көзқарастарын қолдай отырып, РФ құқық қорғау органдары мен Ресей Федерациясының азаматтарына қарсы қарулы жиһад жасау үшін террористік топ құрмақ болған.

Осы мақсатта ол 2016 жылдың 19 тамызында өзінің жақтаушылары Қ.С.Есенғұловпен, Г.А.Боранбаевпен, кәмелетке толмаған Е.Н.Болатбаевпен және Н.Сейітқалимен жалдамалы пәтерде жиналған. Сол жиында С.Р. Құдайбергенов келген адамдарды террористік топ құруға шақырған. Ал 2016 жылдың 21 тамызында С.Р.Құдайбергенов террористік топтың барлық мүшесін Ақтөбедегі №13 мектептің ауласында жинаған. Онда Д.А.Бисенғали мен кәмелетке толмаған Н.Қ.Сәбитов пен Ә.М.Жалғас келген. Олар террористік топтың құрамына кіруге келісім берген.

Сондай-ақ, іс материалдарына қарағанда, К.С.Есенғұлов "Вконтакте" әлеуметтік желісі арқылы терроризм мен діни экстремизмді насихаттаған. Ол желіге Холид Сейфуллах деген лақап атпен тіркелген. Есенғұлов "Вконтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасында радикал және экстремистік мазмұндағы материалдарды жариялаған.

2016 жылдың 28-30 тамыз айларында өткізілген жедел-іздестіру шаралары барысында Құдайбергенов өзінің жақтаушыларымен бірге ұсталды.

Соттың 2017 жылғы 6 қаңтарындағы үкімімен С.Р.Құдайбергенов ҚР Қылмыстық кодексінің 257-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Ал террористік топтың қалған мүшелері алты жылдан тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети