19 қазан 2018 | 13:33

Ақтөбелік тележүргізушінің өлімі: Апатқа кінәлілер сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айзат Әбдісамат. © instagram.com Айзат Әбдісамат. © instagram.com

Ақтөбеде 28 жастағы тележүргізуші Айзат Әбдісаматтың өлімі бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде 28 жастағы тележүргізуші Айзат Әбдісаматтың өлімі бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот алдына "Жанабек Сервис" ЖШС негізін қалаушысы әрі директоры Кенен Жанабеков пен осы компанияның механигі Жарылқасын Ақжанов келді.

Сот үкіміне сәйкес, Жанабеков шартты түрде 4 жылға сотталды. Ал механик Ақжанов 4 жылға сотталды, ол жазасын минимал қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Ақжановты сот залында қамауға алды.

Мұның алдында сотталушылар соңғы сөзін айтып, болған жағдайға өкінетінін айтқан болатын.

Осы іс бойынша сот отырысы тамызда басталған еді. Сот алдына механик пен ЖШС директоры келген болатын. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабының 3-бөлігі бойынша ("Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету") қылмыстық ереже бұзушылық жасады деп айыпталған еді.

Еске сала кетейік, биыл 4 сәуірде Ақтөбеде лифтке кірмек болған әйел адамның аяғы жұлынып кеткені хабарланған еді. Оқиға 4 сәуірде 12-ықшамаудандағы №19 үйде болған. Әйелдің лифтке 3 жастағы баламен кіргені айтылады. Дәрігерлердің айтуынша, ол лифт кабинасына толықтай кіріп үлгермеген. Әйел кірер кезде лифт есігі жабылып, бірден жүріп кеткен.

"Мен оны лифттен өзім шығарып алдым". Ақтөбеде лифтте қаза тапқан әйелдің жолдасы оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети