02 наурыз 2020 09:18

Ақтөбелік тұрғын бостандығын сотталған екі адамға 2 миллион теңгеге "сатқан"

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ақтөбеде ер адам бостандығын сотталған екі адамға 2 миллион теңгеге "сатқан", - деп хабарлайды "Диапазон"


Ақтөбеде ер адам бостандығын сотталған екі адамға 2 миллион теңгеге "сатқан", - деп хабарлайды "Диапазон"

41 жастағы ақтөбелік танысының ұлын бостандыққа шығарып беремін деп уәде берген. Сотталған жігіттің анасы оған бірнеше рет ақша жіберген. Сөйтіп, 1,5 миллион теңге берген жәбірленуші ұлын босата алмаған. Ер адамға қатысты "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Тағы бір жәбірленуші сүйіктісін колониядан шығарып алғысы келіп ақтөбелік тұрғынға 760 мың теңге берген. Нәтижесінде ақшаны алған ер адам уәдесін орындамаған. 

Ер адам сотталуы керек болған, алайда оның өтінішімен сот отырысы бірнеше рет кейінге қалған. Күдікті прокуратурамен келісіп, жәбірленушілермен татуласпақ болған. Артынша тіпті сотқа да келмеген. Күдіктінің әйелі полицейлерге күйеуі Оралға кеткенін, ал ұялы телефонын жоғалтып алғанын айтқан. Нәтижесінде сот күдіктіні іздеп, қамауға алуға шешім қабылдаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети