27 шілде 2022 10:37

Алаяқтан ақшасын қайтармақ болған ақтөбеліктер екінші рет алданып қалған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Астаналық алаяқтың құрбаны болған ақтөбеліктер ақшасын полицейлердің көмегінсіз қайтарып алмақ болып, екінші рет алданып, ақшасынан айырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астаналық алаяқтың құрбаны болған ақтөбеліктер ақшасын полицейлердің көмегінсіз қайтарып алмақ болып, екінші рет алданып, ақшасынан айырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға туралы Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев айтып берді.

Жәбірленушілерге несие рақымшылығына уәде берген әйел туралы алғаш рет ақпанда белгілі болған. Ол екі қала тұрғынына 10 миллион теңгеге 5 несие алғызып, несие амнистиясына көмектесу үшін 40 пайызын сұраған. Арада бірер ай өтіп, ешкім несиені жаппағанынын көрген жәбірленушілер полицияға жүгініп, алаяққа іздеу жарияланған.

Дәулембаев іс бойынша анықталған жаңа мәліметке тоқталды.

Бастапқыда тергеуде күдікті ақтөбелік тұрғын деп есептеген. Бірақ оны тапқан кезде, әйел облысқа Нұр-Сұлтаннан келгені белгілі болған және тағы да жәбірленушілер анықталған.

Ақтөбе соты Нұр-Сұлтан тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады. Сот мемлекеттік айыптаушымен келісіп, әйелді үш жылға бас бостандығынан айырды, алайда жаңа туған сәбиі бар екенін ескеріп, жазасын өтеу мерзімі екі жылға кейінге шегерілген.

Алайда тергеу барысында басқа жәбірленушілер де полицияға жүгінген, соған байланысты тергеу қорытындысы бойынша прокуратура сотқа жаңа істі жолдап, 17 адам жәбірленуші деп танылған.

Дәулембаевтың айтуынша, зардап шеккендердің кейбірі бірден полицияға хабарласпай, қаражатты өз бетімен қайтаруға әрекеттенген.

"Нәтижесінде ақшаны қайтаруға көмектесемін деп уәде берген азаматқа сеніп, екінші рет алаяқтардың құрбаны болған", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети