26 мамыр 2022 06:26

Алаяқтар ақмолалыққа несие алып, пәтерін сатуға мәжбүрлеген

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Степногорскте алаяқтар қала тұрғынына банктен несие алуға, пәтерін сатып ақшасын беруге мәжбүрлеген. Полицейлер күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Рolisia.kz.


Степногорскте алаяқтар қала тұрғынына банктен несие алуға, пәтерін сатып ақшасын беруге мәжбүрлеген. Полицейлер күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Рolisia.kz.

Ведомство мәліметінше, 17 мамырда Степногорск қаласының полиция бөліміне 38 жастағы жергілікті тұрғын өзінің алданғаны туралы арыз жазған. 20 сәуір мен 14 мамыр аралығында белгісіз біреулер өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушіні еліміздің бірқатар банкінен 3 миллион теңге несие рәсімдеуге көндірген. Сондай-ақ, күдіктілер ер адамға пәтерін сатып, ақшаны өздеріне аударуға мәжбүрлеген. Келтірілген жалпы шығын 9 миллион 150 мың теңге.

"Күдіктілер анықталды. Олар Павлодар облысының 23 және 24 жастағы екі тұрғыны. Ұсталғандардан екінші деңгейлі банктердің 25 карточкасы мен 10 ұялы телефон тәркіленді. Бұл дерек бойынша Степногорск қалалық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі "Алаяқтық" бойынша соталды тергеу амалдарын бастады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети