"Әліби ісі" бойынша үшінші фигурант Арман Әбілтаевтің ісі кәсіпкер Жамалиевке қатысты іспен бірге қаралады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарлады.
"Әліби ісі" бойынша үшінші фигурант Арман Әбілтаевтің ісі кәсіпкер Жамалиевке қатысты іспен бірге қаралады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарлады.
"Арман Әбілтаев пен Қайрат Жамалиевтің істері біріктірілді. Мұндай шешім бүгінгі сот отырысында қабылданды", - деді қалалық сот қызметкерлері. Олар басқа ақпарат берген жоқ.
Әліби Жұмағұловтың ісі бойынша үшінші күдікті Арман Әбілтаевқа қатысты қылмыстық іс 2 шілдеде сотқа жетті. Іздеуде жүрген Арман Әбілтевтің16 маусымда ұсталғаны белгілі болды. Кейін оның қорғаушысы Нұрлан Бейсекеев қорғауындағы адамның құқық қорғау органдарынан жасырынбағанын, отбасы жағдайына байланысты Астанадан кетуге мәжбүр болғанын айтты.
Еске сала кетейік, 2015 жылдың сәуірінде Әліби Жұмағұловтың әкесі баласын кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің ұрып-соққанын әлеуметтік желі арқылы хабалаған болатын. Іс бойынша Анатолий Прибытков пен Арман Әбілтаевқа қатысты да қылмыстық іс қозғалды.
Жамалиев пен Прибытковқа қатысты сот процесі Астанада 15 маусымда басталды. Отырыс жабық түрде өтті. Алдын ала сот отырысы 11 маусымда болды. Қайрат Жамалиев ҚР Қылмыстық Кодекстің бірқатар бабы бойынша айыпталып отыр: 194-бап 4 - Қылмыстық топпен ірі көлемде ақша бопсалау (мүлкін тәркілеу арқылы үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған); 126-бап 2 - Алдын ала сөз байласып адамдар тобымен адамды оны ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан айыру (бес жылға дейін бас бостандығынан мүлкін тәркілеу арқылы жазалау немесе мүлкін тәркілеусіз бес жылға бас бостандығынан айыру жазалау шарасы қарастырылған); 121 бап 2 - Еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы немесе жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жасалған нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерді адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасау, өлтіремін деп қорқытумен ұштасқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасау (бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру).