Елордалық кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің жүргізушісі Анатолий Прибытков қайтадан тергеуге алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елордалық кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің жүргізушісі Анатолий Прибытков қайтадан тергеуге алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Cотталушы Анатолий Прибытков қазіргі уақытта қайтадан тергеуге алынды. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеуге қатысты мәліметтер құпияда сақталуы тиіс және оларды жариялауға болмайды", - делінген ҚР Ішкі істер министрлігінің Tengrinews.kz жолдаған сауалға берген жауабында.
Сондай-ақ, ҚР ІІМ Қайрат Жамалиев пен оның көмекшісі Арман Әбілтаевтің жазаны қай мекемеде өтеп жатқанын хабарламады.
"Қойылып жатқан сұрақтар құпия мәліметтер болып саналады және ҚР Конституциясының 18-бабының 1-тармағына сәйкес, ол мәліметтер жариялауға келмейді. Сотталушылар Жамалиев пен Әбілтаев БАҚ өкілдерімен кездесуден бас тартып және олардың жеке өмір жайлы мәліметтер жариялауына қарсы екенін ресми түрде растады", - деді ҚР ІІМ өкілдері.
Еске сала кетейік, 2015 жылдың тамызында астаналық 46 жастағы кәсіпкер Қайрат Жамалив Әліби Жұмағұловты ұрып-соққаны үшін бірнеше бап бойынша 13 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Жамалиевпен бірге оның жүргізушісі Анатолий Прибытков та ұсталған болатын.
Ал биыл 23 маусымда Бас прокуратура Жамалиевтің ісіне қатысты түсініктеме берген болатын. Бас прокурордың аға көмекшісі Думан Қожахметов астаналық бизнесмен Қайрат Жамалиевтің жазасы 13 жылдан 6 жылға дейін жеңілдетілді деген БАҚ-та шыққан ақпаратқа қатысты Facebook арқылы түсініктеме берді.