23 маусым 2017 11:05

Бас прокуратура Жамалиевтің ісіне қатысты түсініктеме берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Жамалиев сот залында. © Tengrinews.kz Қайрат Жамалиев сот залында. © Tengrinews.kz

Бас прокурордың аға көмекшісі Думан Қожахметов астаналық бизнесмен Қайрат Жамалиевтің жазасы 13 жылдан 6 жылға дейін жеңілдетілді деген БАҚ-та шыққан ақпаратқа қатысты Facebook арқылы түсініктеме берді. 


Бас прокурордың аға көмекшісі Думан Қожахметов астаналық бизнесмен Қайрат Жамалиевтің жазасы 13 жылдан 6 жылға дейін жеңілдетілді деген БАҚ-та шыққан ақпаратқа қатысты Facebook арқылы түсініктеме берді. 

"Уәде еткенімдей Жамалиевтің ісіне қатысты түсініктеме беремін. 23 мамырда Жоғарғы сот Қайрат Жамалиевке қатысты сот актілерін өзгертті. Оның аса ірі көлемдегі бопсалау әрекеттері ірі көлемдегі бопсалауға ауыстырылды. Осының негізінде оның жазасы 10 жылдан 7 жылға азайды. А. Әбілтаев пен А. Прибыткотың жазасы да осы негізде 8 жылдан 5 жылға азайды. Сот актілерінің өзге тұстары өзгеріссіз қалды. Жамалиевтің қорғаушысы оған жазаны жеңілдету туралы зардап шегушінің өтінішін сотқа табыс еткенін атап өткім келеді. Көріп отырғандарыңыздай ешкім жазадан құтылған жоқ. 

Актілердің өзгеруіне келесі жағдай негіз болды. Істе 3 көліктің құны көрсетілген. Оларды бағалауға байланысты қайшылықтар шыққандықтан сот-тауартану сараптамасы тағайындалды. Сот сараптамасы ірі көлемді көрсетті (сараптама 2015 жылдың шілдесінеде жасалды). 

Жоғары сот сараптама қорытындысын назарға алды. Бас прокуратура сот актілерін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарды, өйткені, бағалау қорытындысына күмәндануға негіз болған жоқ", - деп жазған Бас прокуратура өкілі.


Думан Қожахметов. © facebook

Ал осы пост бағытталған заңгер Джохар Өтебеков Facebook желісінде бұл шешімге қатысты өз түсініктемесін жазды. 

"Бір ай бұрын Жоғары сот Жамалиев пен бопсалауға қатыстылардың аса ісі көлемде (2000 АЕК-тен жоғары) бопсалау әрекетін ірі көлемге (500-ден 200 АЕК-ке дейін) ауыстырды. 

Бірінші инстанция сотында Әліби Жұмағұловтың 3 жылдық BMW 520i көлігіне қатысты дау болды: оның құны  2 000 АЕК (21,3 мың доллар) болады ма, жоқ па деп. Бір-біріне қайшы 3 пікір болды, ақыры Жоғары сот көлік құны бұл соммаға жетпейді деп шешті. 

Әліби Жұмағұлов Жоғары соттан Жамалиевтің жазасын жеңілдетуді сұрады. Міне осылай. (Оның берген сұхбатынан алынған сөз: - Қайрат Жамалиевті кешіріуге дайынсыз ба? - Жоқ!). Ақыры бопсалау бойынша мерзім 10 жылдан 7 жылға қысқарды. Бұл соңғы шешім ("Время" газеті жазғандай 6 жыл емес).

Жазасын өтейтін колония қатаң тәртіптен жалпыға ауыстырылды. Жамалиев басқа колонияға ауыстырылады деген сөз. Ал басқа колонияға ауыстыру немесе жазаны айыппұлға ауыстыру туралы өтінішті ол күз басында (2 жыл 4 айын өтеген соң) сұрай алады. 

Өкініштісі, БҰҰ-ның азаматтық құқық Пакті бойынша заң бұзушылық туралы касациялық шешімге қолжеткізу мүмкін емес. Сондықтан істің өзге тұстарын түсіну мүмкін болмай отыр. Есесіне әрекет моделі бойынша Жоғары сотқа үлкен қателік кеткенін көрсеткім келеді. 

Шешімге қатысты жаман ешнәрсе болмаған шығар. Жабықтық салдарынан болған жайтты сіздерге қарсы талқылау жүруіне жол беріп отырсыздар! 

Осының алдындағы постыма Жамалиевтің ашулы туыстары қарсы болды. Күлкініштісі олардың көкесіне неге жаза жеңілдетілгенін өздері де түсіндіре алмады. Болған жайтты тамаша түсіндіретін адамдар көп болып барады. 

Сотқа даулы істердің бәріне БАҚ-ты шақыру керек. Бұл Пактінің қарапайым талабы. Әйтпесе соттың таңдауы бар деген пікір қалыптасады. Жамалиевтің сол кезде қалталы болғанын ескерсек. 

Судьялар БАҚ-қа не үшін соттағанын айтудан қорықпайды да, не үшін жаза жеңілдетілгенін айтудан қорқады. Сот прокуратурадан артық жазалаушы орган болып бара жатқаны қызық әрі қайғылы", - деп жазыпты Өтебеков. 


Джохар Өтебеков. © facebook

Еске салайық, 46 жастағы астаналық бизнесмен Қайрат Жамалиев Әліби Жұмағұловты соққыға жыққаны үшін мүлкі тәркілене отырып, 13 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Жұмағұловқа зорлық көрсеткенін бизнесмен телефон камерасына түсіріп, кейін оның ата-анасына жолдаған. Бұл кадрлар Ғаламторда пайда болғаннан кейін іс бойынша қоғамда үлкен дау туды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети