07 қазан 2014 | 15:20

Александра Ли тағы бір қызды өлтіргенін мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сотталушы Александра Ли. Tengrinews TV видеосының скриншоты Сотталушы Александра Ли. Tengrinews TV видеосының скриншоты

Астанада еркекшораны өлтірген қыз тағы бір қылмыс жасағанын мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада сотталғандардың жазаны өзгерту туралы шағымы қаралған апелляциялық сот алқасының отырысы өтті.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада еркекшораны өлтірген қыз тағы бір қылмыс жасағанын мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада сотталғандардың жазаны өзгерту туралы шағымы қаралған апелляциялық сот алқасының отырысы өтті.

Әңгіме осы жылдың тамыз айында 18 жастағы Кристина Чернышеваны қасақана өлтіруге айыпты деп танылған үш қыз туралы. Олар алғашқы инстанциядағы соттың шешімімен келіспей, үкімге шағым келтірген болатын. 

Бүгін апелляциялық сот алқасы отырысы барысында судья Дания Қисықова тергеудің мәліметі бойынша қылмысты ұйымдастырушы деп танылған Александра Лиден жауап алды. Оның тағы бір кісі өліміне қатысы бар болып шықты.

"Енді арызға қатысты жауап беріңіз. Іс материалдары бойынша сіздің 2013 жылдың қыркүйегінде Алматы облысында кісі өлтіруді мойындап келу туралы тергеушінің анықтамасы бар, ол қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешуге жолданды. Бұл не анықтама? Яғни, сіз қазір тағы бір кісі өлтіргеніңізді жоққа шығармайсыз ба?" - деп сұрады судья сотталушы Александра Лиден. "Иә", - деп жауап берді Ли. "Өлген қыз сізге кім болады?" - "Ешкім, таныс". - "Кісі өлтіру немен байланысты?" - "Сәбимен", - деді сотталушы. Лидің тағы бір адамды өлтіруге қатысы бар екенін Диана Нұржанова өз шағымында көрсеткен. 

Еске сала кетейік, 24 жастағы Александра Ли Каролина Кан есімімен танымал. 2013 жылы ол марқұм Кристина Чернышевамен бейресми некеге тұрған. Олардың үйлену тойын бұқаралық ақпарат құралдары жазды. Дегенмен қыздар некеге бір жыл да толмай жатып, ажырасты. 2014 жылдың көктемінде Кристина Чернышеваның із-түссіз жоғалып кеткені белгілі болды, ал екі айдан соң полицейлер оның айуандықпен өлтірілгенін анықтады. Тергеудің мәліметінше, Чернышеваны алдымен тұншықтырған, кейін мәйітін бұтарлап, қаланың сыртында өртеп жіберген.

Бұл қылмыс бойынша Александра Лимен бірге тағы екі қыз айыпталды: 21 жастағы Диана Нұржанова және 20 жастағы Мария Гуреева. Бұлардың бәрі Астанада жезөкшелікпен айналысқан. Негізгі сот отырысы барысында кісі өлтіруге марқұм мен оның құрбылары арасындағы жеккөрініш себеп болғаны анықталды. Қыздар кінәсін мойындап, істеген әрекеттері үшін өкініш білдірді. Бүгін Лидің адвокаты оның жазасын жеңілдетуді, ал Нұржанова мен Гурееваның жазасын қатайтуды сұрады. Олар бұрын құрбыларын өлтіруді ойламағанын айтып, жеңіл жаза сұраған еді. 

"Александра Ли, Мария Гуреева мен Диана Нұржановаға қатысты Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі өзгертусіз қалдырылсын, сотталғандардың апелляциялық шағымы қанағаттандырылмасын. Сот алқасы сіздердің жазаны жеңілдету, кінәсіздік және кінәлілік деңгейінің төмендігі туралы дәйектеріңізді шындыққа жанаспайды деп тапты. Негізгі сот отырысы барысында алғашқы инстанциядағы сот барлық дәйектеріңізге баға беріп, үкімде баяндап көрсетті. Яғни, ол барлық жайтты жазаны жеңілдетуге себеп болатын дәйек ретінде қарастырды. Соған сәйкес, ҚР ҚК 96-бабының 2-бөлігі бойынша ең төменгі санкция - 10 жылға бас бостандығынан айыру. Нұржанова 11 жыл жаза алды - бұл ең төменгі шекке сәйкес келеді. Гуреева 13 жыл алды. Қатысу және белсенділік деңгейіне қарай Ли 15 жылға бас бостандығынан айырылды", - деді қалалық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасының судьясы Дания Қисықова.

Сотталушы Ли, Нұржанова және Гуреевалар Tengrinews.kz-ке апелляциялық алқаның шешімімен дауласпайтынын айтты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети