Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Сотта еркекшораның не себепті өлтірілгені баяндалды

16 Шілде 2014, 18:38
0
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Сотта еркекшора Кристина Чернышеваның өліміне қатысты мәліметтер жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада осы іс бойынша сот отырысы басталды. 19 жастағы Чернышева Каролина есімді (шын аты Александра Ли) қызбен бейресми некеге тұрып, танымал болған еді. Қазір Каролина - айыпталушылардың бірі.

Айта кетейік, сот алдына жауап беруге 21 жастағы Диана Нұржанова, 20 жастағы Мария Гуреева және 24 жастағы Александра Ли келген болатын. Мемлекеттік айыптаушы Сәуле Сыдықова сотталушыларға тағылған айып туралы баяндады. Оның айтуынша, Александра Ли Астанаға 2007 жылы келіп, жезөкшелікпен айналысқан. 2011 жылдың наурыз айында ол Кристина Чернышевамен танысады, прокурордың айтуынша, ол да ақылы интимдік қызмет көрсететін болған. Қыздар танысқаннан кейін бір-бірін ұнатып, бірге тұра бастаған. 2013 жылы бойжеткендер жезөкшелікпен айналысып жүрген сотталушылар - Нұржановамен және Гуреевамен танысады. Тергеудің мәліметінше, Чернышева мен Лидің арасында жанжал туған, оған Чернышеваның басқа қызбен кездесуі себеп болды.

"2013 жылдың мамыр айында Чернышева мен белгісіз біреулер Гурееваны анықталмаған бір пәтерге қамап, оны жезөкшелікпен айналысуға үш күн бойы мәжбүрлейді", - деді прокурор Сәуле Сыдықова. Осыдан кейін айыпталушылардың бәрі Чернышеваға кек сақтап, одан өш алмақ болады.

2014 жылдың 26 наурызында қыздар жалдамалы пәтерде кездесіп, әңгімелесуді ұйғарады. "27 наурыз күні сағат 02.00 шамасында Нұржанова мен Гуреева бұрын Лимен келісілген уәде бойынша Чернышева отырған пәтерге келеді. Ли, Нұржанова мен Гуреева әңгімелескен кезде қарсылық көрсетпесі үшін Чернышеваның қол-аяғын скотчпен байлап тастайды", - деді мемлекеттік айыптаушы. Содан кейін қызды қылғындырып өлтіреді. 

"Чернышеваның жан тапсырғанына көз жеткізгеннен кейін мәйіттен арылу үшін Ли Нұржановамен, Гуреевамен алдын ала байласқан сөз бойынша, мәйіт сөмкеге сыймай тұрғандықтан, пышақпен марқұмның аяғын кесіп тастайды. Содан кейін мәйіт пен марқұмның заттарын сөмкеге салады", - деді Сыдықова. Қыздар қала сыртына шығып, Ильинка елді мекенінің артындағы зират аумағында мәйіт салынған сөмкені өртейді. Прокурордың айтуынша, қылмыс алдында қыздар спирттік ішімдік ішкен.

Сотталушыларға айуандықпен кісі өлтіру бойынша ғана емес, өзгенің мүлкін ұрлау қылмысы бойынша да айып тағылды. Бірақ олардың ешқайсысы ұрлық жасағанын мойындамады. "Мен жалғыз өзім адам өлтірдім", - деп мәлімдеді сотта Александра Ли. 

Сот залында Кристина Чернышеваның анасы Оксана Какаулина болды. Ол сотталушылармен таныс емес екенін, Александра Лиді ғана сырттай білетінін айтты. "Кристина Каролинамен танысқанын, Каролинаның оны үнемі ұрып, қорқытатынын айтатын. Кейін ол Каролинамен бірге тұрған кезі болғанын әңгімелеп берді. Мен Каролина оны жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі деп ойлаймын", - деді Какаулина. Оның айтуынша, Кристина Астанада пәтерді жалға беріп, табыс тауып жүрген. "Олар пәтер берумен және жезөкшелерді ұсынумен айналысты. Кристина телефон құлағында отыратын болған. Мұны маған ол кейін айтты. Оның өзі жезөкшелікпен айналысқан емес", - дейді әйел.

Анасының сөзіне қарағанда, ол кезінде Кристинаға Алматыдан Астанаға барып, өз бетімен өмір сүруге рұқсат берген. Ол қызының Каролинамен бейресми некеге тұрғанын білетінін жеткізді. "Кристинаны 13 жасында зорланған болатын, содан оның психикасы бұзылды. Ол өзіне ер балалар тиіспесі үшін үнемі ұлға ұқсауға тырысты. Өзін ұл сияқты сезінетін", - дейді Чернышеваның анасы.

Сот сыртындағы әңгіме кезінде Оксана Какаулина айыпталушыларға ең ауыр жаза берілуі керек екенін айтты. "Сіз мысықты немесе итті өлтіре алар ма едіңіз? Ал бұлар адамды бұтарлап, кейін өртеп, айуандық жасаған", - деп ашынды марқұмның анасы.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай