Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі изоляторға қамалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Оқиға орны. ©Владимир Прокопенко Оқиға орны. ©Владимир Прокопенко

Алматы сән және дизайн колледжіндегі алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап. Бұған 17 қараша күні колледжде гранатаның жарылуы себеп болды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы сән және дизайн колледжіндегі алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап. Бұған 17 қараша күні колледжде гранатаның жарылуы себеп болды.

"Алғашқы әскери дайындық жөніндегі пәннің мұғалімі ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 132-бабының тәртібі бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалды. 1967 жылы туған К. деген азамат іс жүргізу тәртібімен жауап беріп жатыр. Тергеудің аясында жарылғыш заттың қайдан шыққаны мен нақты кімге тиесілі екені анықталатын болады", - деді ішкі істер қызметкерлері. Бұған дейін алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімінің 24 сағатқа ұсталғаны хабарланған еді. Төтенше оқиға дерегі бойынша "Абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтыру" және "Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау" баптарымен қылмыстық іс қозғалды.

Еске сала кетейік, 17 қараша күні 08.40-та Алматы сән және дизайн колледжінің екінші қабатында алғашқы әскери дайындық сабағында граната жарылған еді. Төтенше оқиға салдарынан 16 жастағы студент қыз Светлана Яковлева қайтыс болды. 12 адам ауруханаға түсті, олардың бесеуіне операция жасалып, жансақтау бөліміне ауыстырылды. Алматы әкімі Ахметжан Есімов қайтыс болған студент қыздың отбасына және граната жарылысынан зардап шеккендердің бәріне материалдық көмек көрсетуге өкім етті. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro