17 қараша 2014 19:28

Алматы сән және дизайн колледжінің мұғалімі 24 сағатқа ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Владимир Прокопенко ©Владимир Прокопенко

Алматы сән және дизайн колледжінің алғашқы әскери дайындық сабағының мұғалімі 24 сағатқа ұсталды. Бұл туралы Almaty.tv құқық қорғау органдарына сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Алматы сән және дизайн колледжінің алғашқы әскери дайындық сабағының мұғалімі 24 сағатқа ұсталды. Бұл туралы Almaty.tv құқық қорғау органдарына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, қазіргі уақытта мұғалімнен колледжде гранатаның жарылуы туралы жауап алынып жатыр. Сонымен қатар, жарылған РГД-5 гранатасы жаудың жеке құрамын жоюға арналған. Жарықшақ шашырау қашықтығы - 30 метр. Лақтырғаннан кейін жарылатын уақыт - 3,2-4,2 секунд.

Еске сала кетейік, 17 қараша күні сағат 08.40-те Алматы сән және дизайн колледжінің екінші қабатында граната жарылған еді. Төтенше оқиға салдарынан бір студент қыз қайтыс болды, 12 адам зардап шекті. Төтенше оқиға дерегі бойынша "Абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтыру" және "Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов "Алғашқы әскери дайындық" пәні бойынша барлық оқу құралын, оқ-дәріге ұқсас заттарды түгендеу мен оларға сараптама жасауды және оларды қаланың оқу орындарына беруді тоқтатуды тапсырды. Қала басшысы қолданыстағы заңнама аясында оқу құралдарын тәркілеуді тапсырды. Сонымен бірге, Ахметжан Есімов қайтыс болған студент қыздың отбасына және барлық зардап шегушіге материалдық көмек көрсетуге өкім етті.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети