06 маусым 2021 13:15

"Алкоголь мен есірткі қолданған". Алматыда жүргізуші аялдамада тұрған үш адамды қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда алкоголь ішіп, есірткі қолданған жүргізуші үш жаяу жүргіншіні қағып кетті. Бұл туралы қала полициясы мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда алкоголь ішіп, есірткі қолданған жүргізуші үш жаяу жүргіншіні қағып кетті. Бұл туралы қала полициясы мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы полициясы департаменті баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, оқиға 2021 жылы 5 маусымда сағат 20.20 шамасында болған.

"Алкоголь және есірткі қолданып, "Ваз 21099" автокөлігін басқарған 1997 жылғы жүргізуші Қ. Райымбек даңғылымен батыс бағытта бара жатқан. Ол аялдама кешенінде тұрған үш жаяу жүргіншіні қағып кетті, жәбірленушілер әртүрлі дене жарақатымен қаланың медициналық мекемелеріне жеткізілді", - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Рустам Әбдірахманов.

Полиция мәліметінше, аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-1 бабы, 2-бөлімі бойынша ("Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") соталды тергеу басталды.

Күдікті Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети