Алматы балабақшасындағы қайғылы оқиға: Кінәлі әйелдің жазасы жеңілдемейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы балабақшасындағы қайғылы оқиға: Кінәлі әйелдің жазасы жеңілдемейді Татьяна Семченко. © Роза Есенқұлова

Сот Алматыдағы №58 балабақшаның қоршауына соғылып, бес жасар қызды жазым еткен 46 жастағы Татьяна Семченконың апелляциялық шағымын қанағаттандырмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешметке сілтеме жасап. Әйел шағымында жазасын шарттыға ауыстыруды сұраған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот Алматыдағы №58 балабақшаның қоршауына соғылып, бес жасар қызды жазым еткен 46 жастағы Татьяна Семченконың апелляциялық шағымын қанағаттандырмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешметке сілтеме жасап. Әйел шағымында жазасын шарттыға ауыстыруды сұраған.

Еске сала кетейік, сот Татьяна Семченконы 2,5 жылға бас бостандығынан айырып, 132 мың теңге көлемінде сот шығынын өндіру туралы шешім шығарған болатын. Семченко жазасын қоныс колониясында өтейді. Айта кетейік, айыпталушы Татьяна Семченко сотта бар кінәсін мойындады және процессуалдық келісім жасасу туралы өтінішін мәлімдеді. Сонымен қатар, судья қаза тапқан қыз бен зардап шеккен балалардың ата-аналары жазған арызды оқыды, онда материалдық шығынның толық өтелгені жазылған және олар Семченкоға қатысты еш айып тақпайтындарын айтқан. Сондай-ақ, сотта айыпталушының диагнозы айтылды. Әйелдің онкологиялық диспансерде есепте тұрғаны мәлім болды. Осыған байланысты Семченко бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданбауды өтінді. 


Оқиға орны. © Tengrinews.kz

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 20 мамырда сағат шамамен 12.00-де болды. Жүргізуші әйел, куәгерлердің айтуынша, артқа қарай жоғары жылдамдықпен жүріп келе жатып, балабақша қоршауына соғылған. Көлік, тәрбиешілердің айтуынша, 26 бала ойнап отырған балалар алаңына барып түскен. Бір бүлдіршін қаза тауып, тағы сегізі жарақат алып, Алматы қалалық №1 балалар ауруханасына жеткізілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети