Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Алматыда балабақшаға көлігімен соғысқан әйел 2,5 жылға сотталды

13 Тамыз 2015, 12:08
5
Татьяна Семченко сот залында. © Роза Есенқұлова
Татьяна Семченко сот залында. © Роза Есенқұлова

Сот 46 жастағы Татьяна Семченконы 2,5 жылға бас бостандығынан айырды, сонымен қатар, 132 мың теңге көлемінде сот шығынын өндіру туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әуезов аудандық сотынан.

Семченко жазасын қоныс колониясында өтейді. Сонымен қатар, одан 132 мың теңге көлемінде сот шығыны өндіріледі, оның үстіне жүргізу куәлігінен 5 жылға айырылады. Тәркіленген автомобилі болса сотталған әйелге қайтарылады. Семченко үкімге 15 күннің ішінде шағым түсіре алады. Айта кетейік, үкімге қатысты оның адвокаты да, өзі де пікір білдірмеді.

Прокурор Гүлмира Сейітқазиева бүгін, 13 тамызда процессуалдық келісімнің талаптарын оқыды. Айта кетейік, сотталушы Семченко онымен толықтай келіседі және өз ісіне өкінеді. Еске салайық, жол апатында бір қыз қайтыс болды және 9 бала зардап шекті. Алайда бұл іс бойынша тек зардап шеккен үш бала қарастырылып отыр. Судья қалған ата-аналарға азаматтық тәртіпте сотқа шағымдануларына болатынын ескертті.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 20 мамырда сағат шамамен 12.00-де болды. Жүргізуші әйел, куәгерлердің айтуынша, артқа қарай жоғары жылдамдықпен жүріп келе жатып, балабақша қоршауына соғылған. Көлік, тәрбиешілердің айтуынша, 26 бала ойнап отырған балалар алаңына барып түскен. Бір бүлдіршін қаза тауып, тағы сегізі жарақат алып, Алматы қалалық №1 балалар ауруханасына жеткізілді. Toyota Land Cruiser көлігін тізгіндеген әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кейін сот оны екі айға қамау тұралы санкция шығарды.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (5)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай