Алматы облысында жеті айлық қызын еденге лақтырған әйел сот алдына келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жеті айлық қызын еденге лақтырған әйел сот алдына келді Видеодан алынған кадр.

Алматы облысында өзінің жеті айлық қызын еденге лақтырған 28 жастағы Марина Тюменцева сот алдына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында өзінің жеті айлық қызын еденге лақтырған 28 жастағы Марина Тюменцева сот алдына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әйелге ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі бойынша ("Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегiмiндеттердi орындамау") айып тағылды. Бүгін алдын ала сот тыңдауы өтіп жатыр", - деп хабарлады Алматы қалалық сотындағылар.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, ата-ана құқығынан айыруға қатысты азаматтық істің тыңдалымы әлі басталған жоқ. Марина Тюменцева мен оның балаларының тағдырын Алматы облыстық № 2 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот шешетін болады.

Осыған дейін осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғаны хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, безбүйрек ананың видеоға түсірілген қылығы Интернет қолданушыларын ашуландырған еді. Кадрлардан ашуланған әйелдің жылап жатқан сәбиін видеоға түсіріп тұрған ер адамның көзінше еденге лақтырып жібергенін көруге болады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети