04 тамыз 2017 14:05

Алматы облысында баласын еденге лақтырған әйелдің ісі сотқа түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жеті айлық қызын еденге лақтырған ананы ата-ана құқығынан айыру ісі сотқа келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы облыстық сот баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді. Марина Тюменцева мен оның балаларының ісі Алматы облысындағы № 2 мамандандырылған ауданаралық сотта кәмелет жасына толмағандар ісі бойынша сотта қаралады. 


Алматы облысында жеті айлық қызын еденге лақтырған ананы ата-ана құқығынан айыру ісі сотқа келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы облыстық сот баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді. Марина Тюменцева мен оның балаларының ісі Алматы облысындағы № 2 мамандандырылған ауданаралық сотта кәмелет жасына толмағандар ісі бойынша сотта қаралады. 

Тюменцеваның өз ісіне өкінетіні туралы видео әлеуметтік желіде пайда болған еді. 

Талғар аудандық білім бөлімінің бас маманы Анар Әбеуованың айтуынша, сот отырысы Тюменцеваның үш баласына да қатысты қаралады - 8 жастағы Данила, бес жасар Таисия және жеті айлық Ирада. Сот балалардың анасын ата-ана құқығынан айыру жазасын тағайындайтын болса, балаларға Маринаның әпкесі Ирина қамқоршы болады. 

"Комиссия шешімімен Ираданы оның қолына бердік. Үлкен ұлы Даниланы Марина өз әпкесіне туыла салысымен бере салған. Алайда олар құжаттарын рәсімдемеген. Таисия қазіргі уақытта өз әкесімен", - деді Әбеуова. 

Оның айтуынша, ер адамды да ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. 

"Олардың отбасы бізде есепте тұр. Ол алкогольдік ішімдікке құмар. Роликте оның Маринаны ызаландырып тұрғаны түсірілген. Ол оның сондай әрекетке баратынын білген", - деді Әбеуова. Сонымен қатар, Марина да бірге тұратын ер адамымен ішімдік ішкен. Білім басқармасының мәліметінше, Марина мен онымен бірге тұратын ер адамның ортақ бір қызы бар - Таисия. Ал үлкен ұлы Данила некесіз туылған. 

Ең кіші қызы - Ираданы ер адам өз қызы деп мойындамаған. 

"Марина 2017 жылы желтоқсанда кетіп қалған. Алматыға кетіп, Ираданы босанған, ал сәуірде оған қайтып барған", - деді білім бөлімінің өкілі. 

Ираданың негізгі әкесі туралы мәлімет жоқ. Алайда шенеуніктерге бір әйел келіп, өзін Ираданың негізгі әкесінің анасымын деп таныстырған. 

"Мен әжесіне баланы алып кетуі үшін баласының әкелік парызын орындауы керектігін айттым. Маринаның өзі әкесінің кім екенін біледі. Ол онымен бірге тұрған, бірақ баладан бас тартқан", - деді Әбеуова. 

Білім бөлімі өкілінің айтуынша, балалардың дені сау, өсіп-өну жолында ешқандай кедергі жоқ. Сот Тюменцеваны ата-ана құқығынан айыратын болса, онда жағдайын дұрыстауға жарты жылы бар. Әйел адам жұмысқа орналасып, көршілерінен жақсы пікір алуы тиіс. Балаларды балалар үйіне жібермейді. 

"Бізде "Жетісу балалар үйінсіз" деген акция өтіп жатыр. Біздер туыстарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, балалар үйде өздерін еркін ұстайды. Мемлекеттен берілетін қаражаттар бар", - дейді маман. 

Айта кетейік, безбүйрек ананың видеоға түсірілген қылығы Интернет қолданушыларын ашуландырған еді. Кадрлардан ашуланған әйелдің жылап жатқан сәбиін видеоға түсіріп тұрған ер адамның көзінше еденге лақтырып жібергенін көруге болады. Осы кезде ер адам "Енді менің дәлелім бар" дейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети