Алматыда дәрігерлерді соққыға жыққан ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда дәрігерлерді соққыға жыққан ер адам ұсталды Коллаж © Tengrinews.kz

Алматы полицейлері дәрігерлерді соққыға жыққан ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полицейлері дәрігерлерді соққыға жыққан ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ол ІІБ-ге жеткізіліп, сотқа дейінгі өндіріс шеңберінде түсінік беріп жатыр. Күдікті 1977 жылы туылған. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабы бойынша ол Алматы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалады. Сонымен қатар, 72 сағаттың ішінде тергеу кезеңі үшін оған қатысты бұлтартпау шарасын қолдану үшін сот алдына барады", - деп хабарлады Алматы ІІД криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин. Полиция "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр. ІІД мамандарының мәлімдеуінше, алдағы уақытта тергеу өзге бапқа ауыстырылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда жедел жәрдемнің екі дәрігерінің соққыға жығылғаны хабарланған болатын. Дәрігерлер 26 қарашада, шамамен сағат 03.00-де соққыға жығылған. Зардап шеккендердің біреуі аса ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Сонымен қатар, денсаулық сақтау басқармасындағылар дәрігерлерге шабуыл жасау оқиғаларының соңғы кездері жиілеп кеткенін хабарлады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети