Алматыда қыруар ақшамен ұсталған жүргізушінің ісі: Талдықорған әкіміне қатысты тексеріс басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қыруар ақшамен ұсталған жүргізушінің ісі: Талдықорған әкіміне қатысты тексеріс басталды Талдықорған әкімі Дастан Шалтабаев. © Tengrinews.kz коллажы

Алматыда көлігінде доллар мен травмат қаруын алып жүрген жүргізуші ұсталған соң Алматы облысында тексеріс басталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көлігінде доллар мен травмат қаруын алып жүрген жүргізуші ұсталған соң Алматы облысында тексеріс басталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желі қолданушылары полицей тоқтатқан көліктің жүксалғышынан табылған 007 TTD 02 және 055 TTD 05 нөміріне назар аударды. Олар алматылық полицейлер ұстаған ер адамның Талдықорған әкімінің туыстарымен байланысы бар-жоғын анықтағысы келді.

Осыған байланысты Алматы облысы әкімдігінің өкілдері пікір білдірді.

"Талдықорған әкімі Дастан Шалтабаевқа қатысты қызметтік тергеу басталды. Қазіргі уақытта ол мәліметті жоққа шығарып немесе растай алмаймыз. Тексеріс қорытындысы бойынша бөлек мәлімдеме жасаймыз", - деді әкімдіктегілер.

Еске салайық, кеше 28 наурызда Алматы полицейлері Toyota Camry көлігін тоқтатқан болатын. Тексеріс кезінде жүргізушіде куәлік пен көліктің қандай да бір құжаты болмаған.

"Жүргізушінің көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ және қалада бөтен автомобильді басқарғаны анықталды. Инспекторлар шұғыл және арнайы қызметтердің автокөліктеріне арналған арнайы жарық және дыбыс сигналдарын беруге арналған автоға орнатылған құрылғыларды байқады. Тәртіп бұзушы өте қатты қобалжып, уақыт өте келе біреумен телефон арқылы сөйлескен", - деп хабарлаған еді әкімшілік полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети