28 наурыз 2019 12:16

Алматыда көлік жүксалғышына доллар мен қару салған жүргізуші ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінен Сурет Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінен

Алматыда полицейлер жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіні ұстады. Оның көлігінің жүксалғышынан травмат тапанша табылған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап. 


Алматыда полицейлер жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіні ұстады. Оның көлігінің жүксалғышынан травмат тапанша табылған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Toyota Camry маркалы автокөлігінің алдыңғы терезелері көлегейленген. Тексеру кезінде жүргізушінің бірде-бір құжаты болмаған. 

"Жүргізушінің көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ және қалада бөтен автомобильді басқарған. Инспекторлар шұғыл және арнайы қызметтердің автокөліктеріне арналған арнайы жарық және дыбыс сигналдарын беруге арналған автоға орнатылған құрылғыларды байқады. Тәртіп бұзушы өте қатты қобалжып, уақыт өте келе біреумен телефон арқылы сөйлескен", - деп хабарлады әкімшілік полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны өкілдері. 

Полицейлер жүксалғышты ашуды өтінген уақытта жүргізуші құлықсыз болған. Кейін ол жерден "Байкал" травмат тапаншасы мен оның оқтары бар жеке қорап, басқа көлікке тіркелген екі жұп мемлекеттік нөмір, бір рация, номиналы 100 АҚШ доллары валюта купюраларының қораптары табылды.

"Бұл заттардың қайдан және кімге тиесілі екенін айта алмаған жүргізуші автокөлік өзінікі еместігін айтқан. Көлік иесі сол жерге келген соң ол автокөліктің жүксалғышынан табылған заттарға қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Содан кейін көлік есептен алынып, тиісті түрде тіркелмегені анықталды. Әкімшілік құқық бұзушылықтардан бөлек, жүргізушіге қатысты ҚР ҚК 287-бабы ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша заңбұзушылық анықталды, - деді полиция департаментінің өкілдері. 

Toyota жүргізушісі мен иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айыппұл тұрағына жеткізілді. Ұсталғандар Медеу аудандық полиция басқармасына оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жеткізілді. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети