25 ақпан 2015 16:35

Алматы әуежайына "жарылғыш зат қойған" ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Алматы полициясы әуежайға "жарылғыш зат қойған" ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Енді ол телефон терроризмі үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 


Алматы полициясы әуежайға "жарылғыш зат қойған" ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Енді ол телефон терроризмі үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Алматының халықаралық әуежайына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар қаланың шұғыл қызметіне 17 ақпан күні түнде түскен. Аумақ тексерілгеннен кейін хабардың жалған екені анықталды. "Аумақтық полицей бөлімінде шұғыл-іздестіру тобы құрылды. Қоңырау шалған адамды іздестіруге Алматы полициясы шұғыл қызметінің өкілдері бірден кірісіп, оның кім екені бірнеше сағатта белгілі болды. Оны қолға түсіруге одан ұзағырақ уақыт кетті. Телефон лаңкесінің 44 жастағы азамат екені анықталды, ол "Алғабас" ықшамауданында орналасқан бағбандық шаруашылықтардың бірінде тұрады", - дейді ІІД баспасөз қызметіндегілер. Ол телефон лаңкестігі әрекетіне мас күйінде барғаны белгілі болды.

Бұған дейін Орал автовокзалын "жарып жібермек" болған ер адам телефон терроризмі үшін сотталған болатын. Оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Сот өткен жылы желтоқсан айының ортасында жергілікті тұрғын өз ұялы телефонымен кезекші диспетчердің телефонына хабарласып, Орал автовокзалының ғимаратын жарып жіберемін деп айтқанын анықтады. Бірақ оқиға орнына келген шұғыл әрекет ету қызметінің қызметкерлері ғимаратты тексеріп, жарылғыш затты таппады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети