Алматы маңындағы демалыс орнында белгісіз біреулер оқ атты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматы маңындағы Байсерке ауылында орналасқан демалыс орнының иесі мен қызметкерлері оқ жарақатын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап. Демалушылар атысты видеоға түсірген және полиция шақырған.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы маңындағы Байсерке ауылында орналасқан демалыс орнының иесі мен қызметкерлері оқ жарақатын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап. Демалушылар атысты видеоға түсірген және полиция шақырған.

Ведомстводағылардың айтуынша, 31 қазанда сағат 15.50-де Іле ауданының кезекші бөліміне "Поляна" демалыс орнында атыс болғаны туралы хабарлама түскен. Полицейлер оқиға орнына жеткенде сағат 15.00-ге қарай медициналық маска таққан 15-20 адам демалыс орнына келгені және сол жерде мекеме иесімен - 1980 жылы туған ер адаммен жанжалдасып қалғаны анықталады. Содан соң олар оқ атқан.

"К.Н. Кузнецовтың ішіне оқ тиген (резеңке оқ), сондай-ақ демалыс орнының қызметкерлері 1980 жылы туған М.С. Слямовқа (сол аяғына), 1994 жылы туған Я.А. Помазковқа (оң аяғына) оқ тиген. М. Слямов және Я. Помазков Алматы қаласындағы № 4 ауруханаға жеткізілді", - деді полициядағылар.

Белгісіз адамдар оқиға орнынан сұр түсті Mercedes w140 және ақ түсті Mercedes көлігімен қашып кеткен.

"Аталған дерек ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Оқиға орнанан 2 - 9 мм, 2 - 5,45 мм болатын 4 оқсауыт, резеңке оқ табылды", - деп қосты ведомстводағылар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.68  course down  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro