02 қараша 2020 09:31

Алматы маңындағы демалыс орнында болған атыс: жарақат алғандардың жағдайы айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Дәрігерлер Алматы маңындағы демалыс орнында болған атыстан жарақат алғандардың жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Дәрігерлер Алматы маңындағы демалыс орнында болған атыстан жарақат алғандардың жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір олардың бәрі Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханада жатыр.

"31 қазанда ауруханаға екі науқас келіп түсті. Диагноздары: оң жіліншігінің оқ жарақаты мен сол жақ жіліншігінің ашық оқ жарақаты. Сонымен қатар, сол жақ асықты жілігінің сынығы анықталды.

Науқастар Алматы облысының Іле ауданынан келіп түсті.

02.11.2020-дағы жағдай бойынша науқастардың жағдайы орташа ауыр, есін жинады, хаттама бойынша ем алып жатыр", - деді №4 аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Анарбек Монгол.

Еске салайық, мұның алдында Алматы маңындағы Байсерке ауылында орналасқан демалыс орнының иесі мен қызметкерлері оқ жарақатын алғаны хабарланған болатын. Полициядағылардың айтуынша, маска таққан 15-20 адам демалыс орнына келіп, сол жерде мекеме иесімен - 1980 жылы туған ер адаммен жанжалдасып қалған. Содан соң олар оқ атқан. Артынша оқиға орнынан сұр түсті Mercedes w140 және ақ түсті Mercedes көлігімен қашып кеткен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети