02 наурыз 2017 | 20:02

Алматы облыстық ІІД 11 жастағы Өркен Азаматұлының өлімі бойынша іспен айналысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қа Қа

11 жастағы Өркен Азаматұлының өліміне қатысты қылмыстық іс Алматы облыстық ІІД өкілдерінің өндірісіне жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

11 жастағы Өркен Азаматұлының өліміне қатысты қылмыстық іс Алматы облыстық ІІД өкілдерінің өндірісіне жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тергеу Алматы облыстық ІІД Тергеу аппараты басқармасының тергеушілеріне тапсырылды. Олар қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу жұмыстары мен сараптамаларды жүргізеді", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, 11 жастағы Өркен Азаматұлы 22 қаңтарда өлі табылған еді. "Полицейлер бүгін түсте хабарласып, Өркеннің денесін тапқанын айтты. Баланың неден өлгенін олар әлі айтпады. Оны тану бардық, бұл біздің Өркен", - деп мәлімдеді оқушының ағасы Нұрбек.

Азаматұлы Өркен түсте сабақтан қайтып келе жатқан уақытта жоғалып кеткен. Соңғы рет оны сыныптастары көрген екен. Олардың айтуынша, Өркен сағат 13.30 бен 14.00 аралығында сабақтан шығып, Шевченко мен Розыбакиев көшелерінің қиылысындағы аялдамада тұрған. Кейіннен ол № 135 автобусқа мініп, үй жағына қарай кеткен. Содан кейін оны ешкім көрмеген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети