Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Алматы облысы әкімдігін тонады деген күдіктілер ұсталды 21 қаңтар 2022, 18:52

Алматы облысы ПД полиция қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік кезінде облыс әкімдігі ғимаратынан ұйымдастыру техникасы мен тұрмыстық заттар ұрлаған
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы облысы ПД полиция қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік кезінде облыс әкімдігі ғимаратынан ұйымдастыру техникасы мен тұрмыстық заттар ұрлаған күдіктілерді әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің ПД мәліметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері Талдықорғанның екі тұрғынын анықтады. Күдіктілер жаппай тәртіпсіздік пен бүлік кезінде облыс әкімдігі ғимаратына келіп, ұрлық жасағанын мойындаған.

"Ұрланған заттар арасында түрлі ұйымдастыру техникалары мен кеңсе бұйымдары, тұрмыстық техника тіпті дәретхана қағазына дейін болған", - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-ның 188-бабы бойынша соталды тергеу басталды.

"Ұсталғандардың екеуі де УҰИ-ге қамалды. Алынған дәлелдемелер іс материалдарына тіркеліп, процессуалдық шешім қабылдау үшін қысқа мерзімде сотқа беріледі. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды", - деп толықтырды ведомство өкілі.

Еске салайық, Алматы облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік пен тонау, сондай-ақ бүлік бойынша 188 қылмыстық іс қозғаған. Бәрі 2022 жылы қаңтардың басындағы тәртіпсіздіктерге байланысты тіркелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram