1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Алматы облысында 20 адам құрықталып, 40-тан аса қару тәркіленді 10 қаңтар 2022, 00:16

ІІМ Жедел штабы Алматы облысында 20 қарулы адам ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

ІІМ Жедел штабы Алматы облысында 20 қарулы адам ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ мәліметінше, 20 адамнан құралған топты Алматы облысындағы арнайы операция барысында Криминалдық полиция құрықтаған. Олардан 40-тан аса қару тәркіленген: тапанша, мылтық, автомат және оған келетін 500 оқ-дәрі.

Ұсталғандар арасында Текелінің 18 жасар тұрғыны бар. Оның сөмкесін тінту кезінде екі Макаров тапаншасы, 4 оқ-дәрі қалташасы, 7.62 калибрлі оқтар салынған қапшық табылған. Сондай-ақ, Қаратал өзеніне автомат лақтырып жіберген 24 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Қару тәркіленді.

ҚР ҚК-ның 288 және 291 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Топтың басқа да өкілдері құрықталған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram
АЗА ТҰТУ