04 қараша 2021 12:25

Алматы облысында анасы баласын пышақтады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото:orinfo.ru Иллюстрациялық фото:orinfo.ru

Алматы облысының Өтеген батыр ауылында 10 жасар баланы өз анасы өлтірмек болған. Әлеуметтік желілерде, әйелге ұлы өзін өлтіргісі келген "TikTok кейіпкерлерінің" бірі болып көрінгенін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысының Өтеген батыр ауылында 10 жасар баланы өз анасы өлтірмек болған. Әлеуметтік желілерде, әйелге ұлы өзін өлтіргісі келген "TikTok кейіпкерлерінің" бірі болып көрінгенін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

3 қараша күні сағат 15:00 шамасында Іле ауданы Өтеген батыр кентіндегі балалар ауруханасына бірнеше пышақ жарақатымен 10 жастағы бала жеткізілді.

"Тексеру барысында сол күні баланың 37 жастағы анасы ас үй бөлмесінде оған көптеген пышақ жарақатын салғаны анықталды. Күдікті ұсталып, полиция бөлімінде. Оған қатысты сот-психиатриялық сараптама тағайындалды, бұлтартпау шарасын таңдау және оны психологиялық диспансерге орналастыру туралы мәселе қарастырылуда", - делінген Алматы облысының Полиция департаменті баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.


Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабымен ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды. Тергеу барысында істің барлық мән-жайы
анықталатын болады.

Instagram-дағы "ашулы Талдықорған" парақшасы, үйдегі қанды көрген баланың атасы дәрігерлерді шақырған. Дәрігерлер баланың денесінде 16 пышақ жарақаты барын айтқан.

Жарияланымның авторы баланың анасы соңғы үш күнде өзін біртүрлі ұстағанын айтады.

"Үйіндегі барлық адамнан жасырынған. Өзін TikTok кейіпкерлері өлтіргісі келетінін айтқан. Ал ұлы оған өзін өлтіргісі келетіндердің бірі болып көрінген. Бақытымызға орай, 7 жасар қызына шабуыл жасауға уақыты болмаған", - делінген Instagram-дағы жазбада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети