01 ақпан 2016 | 19:16

Алматы облысында аяусыз ұрып-соғу оқиғасы түсірілген видеодағы адамдардың бірі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

Алматы облысында аяусыз ұрып-соғу оқиғасы түсірілген видеоның бір кейіпкерінің аты-жөні анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД өкілі Көбейхан Нұрахметке сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында аяусыз ұрып-соғу оқиғасы түсірілген видеоның бір кейіпкерінің аты-жөні анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД өкілі Көбейхан Нұрахметке сілтеме жасап.

"Роликтегілердің бірінің аты-жөні анықталды. Ол Алматы тұрғыны болып шықты, 1986 жылғы. Қазіргі уақытта одан жауап алыну үстінде. Екінші ер адамның кім екендігі әзірше белгісіз. Ол іздестіріліп жатыр. Олардың әрекетіне сотқа дейінгі тергеу барысында құқықтық баға беріледі", - деп мәлімдеді Нұрахмет. 

Оның айтуынша, дүкен иесінен де жауап алынған. Оқиға Қарасай аудандық ішкі істер бөлімінің сотқа дейінгі бірыңғай реестрінде "Бұзақылық" және "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бабы бойынша тіркелді.

Еске салайық, осыған дейін Алматы облысында аяусыз ұрып-соғу оқиғасы бейнеленген видеодағы адамдардың іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын. Кейін дүкеннен ойын автоматтары тәркіленді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети