Алматы облысында аяусыз ұрып-соғу оқиғасы бейнеленген видеодағы адамдар іздестіріліп жатыр

01 Ақпан 2016, 13:05
0
Алматы облысында аяусыз ұрып-соғу оқиғасы бейнеленген видеодағы адамдар іздестіріліп жатыр - Видео кадрлары
Видео кадрлары

Алматы облысында аяусыз ұрып-соғу оқиғасы бейнеленген видеодағы адамдар іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрлардан ойын автоматтары орнатылған азық-түлік дүкенінде қолы қан ер адамның арлы-берлі жүргенін көруге болады. Ал сатушы әйел оның ашуын басқысы келеді және еденге қан шашпауын сұрайды. Ер адам ашуға булыққан, соған қарағанда бір автоматты сындырған сияқты. Бірер уақыт өткеннен кейін дүкенге тағы бір ер адам кіреді, ол ойын автоматтарының иесі делінеді. Ол кіріп келіп, ер адамды ұрып құлатады, кейін жатқан жерінде тағы да соққы жасайды. 

Ескерту, видеода былапыт сөздер айтылады!

Облыстық ІІД өкілдерінің айтуынша, оқиға Алматы облысында Шамалған станциясындағы "Шанхай" ауданында орналасқан "Салтанат" дүкенінде болған. "Бұл деректі жергілікті учаскелік полиция қызметкерлері растады. Қазіргі уақытта екі ер адам да анықталып жатыр. Табылғаннан кейін сәйкес шаралар қолданылады", - деп хабарлады ведомство өкілдері.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай