14 мамыр 2021 09:12

Алматы облысында екі әйел 16 жастағы қызды соққыға жыққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/boraldai.news Фото: instagram.com/boraldai.news

Алматы облысында аялдамада 16 жастағы қызды екі әйел ұрып-соқты. Жасөспірім Алматы балалар ауруханасына жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында аялдамада 16 жастағы қызды екі әйел ұрып-соқты. Жасөспірім Алматы балалар ауруханасына жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде зардап шеккен жасөспірімнің суреті тарап жатыр. Жазба сипаттамасында оқиғаның Боралдай кентіндегі "Сахарный" аялдамасында болғаны айтылған. Жәбірленушінің анасы оқиға куәгерлерін іздестіріп жатыр.

"Екі әйел кәмелетке толмаған қызды ұрып-соққан, жолда кептеліс болғандықтан куәгерлер көп болу керек. Қыздың миы шайқалған. Көліктің көбінде бейнебақылау бар, зардап шеккен қыз адамдардың видеоға түсіріп жатқанын айтқан", - делінген жазбада.

Алматы облысының полиция қызметкерлері оқиға 13 мамырда сағат 18.35 шамасында Боралдай кентіндегі Космонавт көшесіндегі аялдамада болғанын айтты.

"Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал болып, екі әйел кәмелетке толмаған қызды ұрып-соққан. Кейін қылмыс орнынан таксимен қашып кеткен. 16 жастағы жәбірленуші Алматыдағы № 1 қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Дерек Іле ауданы полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктілердің орналасқан жерін анықтау және оларды ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді полиция өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети