05 желтоқсан 2018 | 16:03

Алматы облысында иесін өлтіріп, көлігін алып кеткен ер адам ұсталды

© Тұрар Қазанғапов

Алматы облысының полицейлері ірі көлік базарының бірінде иесін өлтіріп, көлігін алып кеткен күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ведомствоның мәліметінше, күдікті Toyota маркалы көлігін сатуға келген ер адамды "ақшаны үйде беремін" деген желеумен алдап, көлікке нотариалды құжат жасатқан. Көлік базарынан шыққанда елсіз жерде көлік иесін өлтіріп, мәйітін жол-жөнекей жарға көміп кеткен.

Реклама
Реклама

"Түркістан облысының тұрғынын өлтіріп, көлігін алып кеткен бұған дейін сотты болған 36 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл іс облыстық тергеу басқармасының өндірісінде",- деп атап өтті облыстық полиция өкілдері.

Айта кетейік, ұрланған көлік күдіктінің үйінен табылып, тәркіленді және іс материалдарына айғақзат ретінде тіркелді.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram