06 маусым 2019 11:56

Алматы облысында жолаушыларды тонады деген күдікпен такси жүргізушісі ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тәртіп сақшылары жолаушы тасымалымен айналысып, әйел-жолаушыларды тонауды кәсіп қылған 27 жастағы жігітті қолға түсірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тәртіп сақшылары жолаушы тасымалымен айналысып, әйел-жолаушыларды тонауды кәсіп қылған 27 жастағы жігітті қолға түсірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылжар ауылының 25 жастағы тұрғыны 3 маусымда полицияға хабарласып, белгісіз такси жүргізушісінің тонағанын және зорлық көрсеткісі келгенін айтқан. Зардап шегуші автокөліктің түсін мен шамамен маркасын атаған. Полицейлер бірнеше сағат ішінде таксидің маркасын, сонымен қатар күдікті азаматты да анықтады. Ол осы аудандағы Ащысай ауылының 27 жастағы тұрғыны болып шықты.

"Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды және аудандық полицияға жеткізілді. Ол зардап шегушіден ұялы телефон мен 92 мың теңгені тартып алғаны анықталды. Сондай-ақ, тексеру жұмыстары барысында күдіктінің биыл мамыр айында орын алған Есік қаласындағы жас қызды тонау дерегіне қатысы бары анықталды. Екі жағдайда да ол жолаушыларын зорлауға ниеттенген. Дегенмен, қарсылық көрсеткен қыздардың зергерлік бұйымдарын, ұялы телефондарын және ақшаларын тартып алған",- деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Тонау және зорлауға оқталу деректері бойынша тергеу ісі Еңбекшіқазақ ауданы полициясының өндірісінде.

"Күдікті шалғай қашықтықтарға жолаушы тасымалдаумен айналысқанын ескере отырып, оның облыс бойынша тіркелген осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы барын анықтау жұмыстары жүргізілуде",- деп толықтырды облыстық полиция өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети