Алматы облысында косметологты өлтіргендерге қатысты үкім шықты

Косметолог Батура Мамедова © Видео кадры Косметолог Батура Мамедова © Видео кадры

Алматы облысында қатыгездікпен өлтірілген косметолог Батура Мамедованың ісіне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында қатыгездікпен өлтірілген косметолог Батура Мамедованың ісіне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, Жангелді Қобыланов пен Айдана Береноваға қарақшылық және адам өлтіру баптары бойынша айып тағылған. Кінәлі деп танылған екеудің сотта 40 жастағы келіншекті жауыздықпен өлтіргені толық дәлелденді.

28 жастағы Жангелді Қобыланов 17 жылға, ал 27 жастағы Айдана Беренова 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар - азаматтық некедегі ерлі-зайыпты.

Сот процесінде соңғы сөз алған Жангелді Қобыланов туыстарынан кешірім сұрап, кінәсін мойындады. Ал Айдана Беренова бұл жолы да басын алып қашып, қылмысты жасырғанына өкінетінін айтты. Марқұмның туыстары сот үкімін әділ болды деп есептейді екен. 

Алматы облысында косметологты өлтірді деп айыпталған жұп: Ақша үшін емес, абайсызда болды

Еске салайық, оқиға Алматы облысында биыл мамырда болған еді. Із-түссіз жоғалған сұлулық салонының қызметкері Батура Мамедованың денесі үш аптадан соң көрші ауданнан табылған. Кейін күдікті ретінде азаматтық некедегі ерлі-зайыпты ұсталған болатын. Тергеу мәліметі бойынша, қылмыскер мәйітті бір түн бойы көлігінде сақтаған. Барлық дәлелдің көзін жою үшін қан болған жейдесі мен марқұмның заттарын қоса өртеп, алтын алқаны сатып жіберген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro