1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Алматы облысында қыз алып қашпақшы болғандар ұсталды

Фото: lenta.ru Фото: lenta.ru

Кездейсоқ куәгер қызды құтқарды. Бұл туралы блогер Алексей Цой Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Блогердің айтуынша, оқыс оқиға Алматы облысында болған. Қызға Рамазан Асилов есімді жігіт көмектескен. Осыдан бірнеше күн бұрын ол 3 жігіт қызды күшпен көлікке отырғызып жатқанын көріпті. 

"Қыз осы сәтте өмірден үміт үзгенін айтады. Қызды алып қашпақшы болған жігіттің бірі онымен бірге әскери бөлімде жұмыс істепті. Бірақ қыз оны жақсы білмейтінін айтады. Жігіт келісімшарт бойынша қызмет еткен. Ол қызды қалаға дейін жеткізіп тастайын деп ұсыныс айтқан. Қыз келіскен.

Бірақ ол жолда кездейсоқ достарын кездестіріпті. Жігіт оларды да тиісті жерге жеткізбекші болған. Алайда ол қалаға баратын жолды емес, басқа жолды таңдаған. Мұны байқаған қыз ашулана бастаған. Осы сәтте әскери қызметкер қызға "Үніңді шығарма" деп кеңес берген. Жолда олар аялдама жасаған. Қыз осы сәтті пайдаланып, көліктен атып шығып, адамдардан көмек сұрай бастаған" - деп жазды Алексей Цой. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Посмотрите на этого парня. Это Рамазан Асилов. На днях он стал свидетелем похищения девушки - трое парней силой усадили её в машину и увезли в неизвестном направлении. Рамазан попытался их догнать на своём автомобиле, параллельно набирая 102. Благодаря его активным действиям подозреваемых в похищении задержала полиция Алматинской области Арестованы пять человек, девушка написала заявление в полицию. По её мнению, парни похитили её не для замужества. Пострадавшая сказала, что в тот момент уже прощалась с жизнью. Один из парней - тот, что был за рулём, работает с ней в воинской части, но она его практически не знает. Он контрактник, она вольнонаёмная. Он предложил её довезти до города, и она согласилась По дороге он якобы случайно встретил своих друзей и сказал, что подбросит их по пути, а сам поехал в другую сторону. Девушка стала возмущаться из-за того, что он изменил маршрут, на что ей ответили: «Молчи!» На трассе они сделали остановку. Девушка воспользовалась моментом, выскочила из машины и стала просить о помощи Но все машины проезжали мимо. Тогда она побежала в сторону заправки, но не успела добежать, её догнали и силой усадили в машину. Именно в этот момент их увидел проезжавший мимо Рамазан. Он пытался их догнать, но похитители оторвались, выехав на встречную полосу. Рамазан увидел патрульную машину, остановил её и сообщил о происшествии Полицейские бросились в погоню. Рамазан тем временем позвонил на пульт 102 и рассказал приметы похитителей, марку автомашины и госномер. Вскоре они были задержаны. Сейчас они дают показания. Рамазан, большое вам спасибо за гражданскую позицию и неравнодушие. Ваши активные действия помогли предотвратить преступление. Пусть Всевышний наградит вас за самоотверженность и мужество!

Публикация от Александр Цой (@alexandr_tsoy)

Блогердің жазуынша, көліктер тоқтамаған.

"Осы кезде қыз жанармай құю бекетіне қарай жүгірген. Бірақ ол бекетке барып үлгермеген. Жігіттер оны қуып жетіп, күшпен көлікке отырғызған. Осы сәтте оларды Рамазан көрген. Ол жігіттерді қумақшы болады, бірақ олар қашып үлгереді. Рамазан патрульді полиция қызметінің көлігін көріп, оларға болған жағдайды айтып берген", - дейді Цой.

Рамазанның айтуынша, қызды алып қашқан көліктің артынан полиция қуған.

"Осы уақытта Рамазан 102 телефонына хабарласып, көліктің маркасын, оның нөмірін айтып берген. Кейін қызды алып қашқан жігіттер ұсталған. Қазір олар полицияға түсінік беріп жатыр", - дейді блогер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!