09 қазан 2019 10:58

Алматы облысында полиция басшысы миллион теңгеден аса пара алды деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото © Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық фото © Тұрар Қазанғапов

Алматы облысында бірқатар полиция қызметкері жемқорлық қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап. 


Алматы облысында бірқатар полиция қызметкері жемқорлық қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап. 

8 қазанда Жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы облысы ПД ӨҚБ-мен бірге бірқатар полиция қызметкерінің, кей жетекшінің жемқорлық қылмысқа барған дерегін анықтаған. 

"Алматы облысы ПД Еңбекшіқазақ ауданы полициясы басқармасының басшысы қызметін атқарушы мен Алматы ПД Түрксіб ауданы полициясы басқармасының учаскелік инспекторына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар азаматты алдау және сеніміне кіру жолы арқылы күдіктінің ісін жеңілдеу дәрежеге ауыстырамын деп 1 250 000 теңге көлемінде қаражат алған", - делінген ресми хабарламада.

Аудандық ПБ басшысының қызметін атқарушы ұсталып, Алматы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, дәл осындай қылмыс жасады деген күдік Қарасай аудандық Полиция басқармасының тергеушісіне ілінді. Ол азаматты алдау және сеніміне кіру жолы арқылы басқа тергеушіге тиесілі қылмыстық іс бойынша бас бостандығынан айыруға байланысты бұлтартпау шараларын қолданбау үшін 2,5 миллион теңге көлемінде қаражат алған деп күдіктеледі. 

"Бұл деректер бойынша тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілерге қатысты нақты шешімді сот қабылдайды", - дейді ведомствода. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети