05 қаңтар 2021 18:25

Алматы облысында пранк жасағандар жауапқа тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:polisia.kz Фото:polisia.kz

Алматы облысында пранк жасағандар жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Алматы облысында пранк жасағандар жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында автокөлікке зақым әкелген бейнежазба анықталған болатын. Тексеру барасында оқиға Есік қаласында 2021 жылғы 4 қаңтарда орын алғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша полицияға ешкім арыз түсірмегенімен, Еңбекшіқазақ ауданының тәртіп сақшылары дерекке тексеру ұйымдастырды. Дерек расталып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін Алмалы ауылының 21 жастағы тұрғыны және Volkswagen Passat автокөлігінің иесі, Есік қаласының 26 жастағы тұрғыны ұсталды", - делінген хабарламада. 

Оқиғаға қатысушылар алдын ала келісіп, әлеуметтік желілердегі жұрттың назарын аударту мақсатында қоғамдық тәртіпті бұзуға әкелген әрекеттерге барған.

"Ұсталғандардың айтуынша, істеген әрекеттеріне өкінеді, олар тек парақшаларына жазылушылар санын арттырып, сосын көліктің әйнегін жөндегілері келген", - дейді полицейлер. 

Құқық бұзушыларға ҚР Әкімшілік кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін материал сотқа жолданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети