21 шілде 2021 09:36

Алматы облысында шенеунік 14 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: Tengrinews.kz. Көрнекі сурет: Tengrinews.kz.

Алматы облысы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы мен мердігер ұйым басшылығына қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.


Алматы облысы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы мен мердігер ұйым басшылығына қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

"Басқарма басшысы ЖШС басшылығынан "Бизнестің жол картасы-2025" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат есебінен салынатын жұмыстарды мемлекеттік сатып алу конкурсында ЖШС-ны жеңімпаз деп танығаны және нысанда орындалған жұмыстардың көлемін кедергісіз қабылдағаны үшін облыс аумағында нысан салу бойынша шарт сомасының 666 миллион теңгені құрайтын 15 пайызы есебінен қайтару ретінде 90 миллион теңгеден 33 500 доллар (14 304 500 теңге) сомасында пара алды", - делінген хабарламада.

Шенеунік, құрылтайшы және ЖШС директоры аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталып, Алматы облысында уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ведомство мәліметінше, бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе қаралады. Тергеу жалғасып жатыр. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі басқа мәліметтер жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, бұған дейін Антикор "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ "Байкен-U" ЖШС сатып алу департаментінің басшысын пара алды деген күдікпен ұстағаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети