06 қаңтар 2021 16:36

Алматы облысында шетелдік қызды 6 жыл зорлап, құлдықта ұстаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:facebook.com/NeMolchiKZ Фото:facebook.com/NeMolchiKZ

Алматы облысы Өтеген батыр ауылында Өзбекстан азаматшасын алты жыл бойы зорлап, құлдықта ұстап келген. Қыздың өміріндегі қиын күндер туралы "НеМолчи" қоғамдық қорының басшысы Дина Смайылова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы Өтеген батыр ауылында Өзбекстан азаматшасын алты жыл бойы зорлап, құлдықта ұстап келген. Қыздың өміріндегі қиын күндер туралы "НеМолчи" қоғамдық қорының басшысы Дина Смайылова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қысқа айта алмаймын, алты жыл өмірді бір әңгімеге сыйғызуға тырысамыз", - деп бастады қоғам белсендісі Facebook желісіндегі жазбасын.

Зорлық көрген қыз Смайыловаға анасы өзін және әжесін Ташкенттен Алматыға алып келгенде 11 жаста болғанын айтқан. Анасы жұмысқа тұруы керек болған. Әжесіне де жұмыс іздеген. Бірақ соңында әжесін өз қызымен көшеге қуып жіберген.

"Басында оларды анасының құрбысы үйіне кіргізген. Кейін А. есімді ер адам келіп, жұмыс ұсынған: ұсақ-түйек заттарды, шұлық, сүлгі сатуды ұсынған. Олар амалсыз келіскен. Әжесінің құжаты болмаған, ал қыздың тек туу туралы куәлігі болған.

Басында пәтер жалдап тұрған, кейін А. оларды ата-анасының жанына көшіріп әкелген. Олар бірден әжесі мен қызына үй жинатқан. Сондай-ақ тамақ пісірген, кір жуған. Алабай тұқымды 15 итке ас-су берген. Оны А. есімді ер адамның әкесі сатқан", - деп жазды Смайылова.

Қыз 12 жасқа толғанда оны 24 жастағы ер адам зорлаған. Ол кезде үйде ешкім болмаған. Бұл үнемі қайталанған.

"Қыз ер адамның анасына айтқанда, ол аузын жапқан. Әжесі естігенде, шу шыққан. Содан соң әкесі араласып, біреуге шағымданса, кесектеп турап, алабайларға жем қылатынын айтқан. Оларды ешкім іздемейді. Полиция біліп қалса, басқа елде заңсыз жүргені үшін түрмеге тоғытады деп қорқытқан", - деп жалғастырды құқыққорғаушы.

Соңында әжесін үйден қуып жіберген, қызды қалдырған. 14 жасында ол бала туған. Сәби мен қызды Ана мен бала үйіне алып кеткен. Бұл жағдайлар туралы есінде қалғаны шамалы, себебі ол кезде күйзеліске түсіп, ешкіммен сөйлеспеген.

"Аналар үйінің қызметкерлері оны есінен адасқан деп ойлап қорыққан. Қыз күндер бойы терезеге қарап, үнсіз отырған. Қазір де эмоциясын көрсетпейді. Күлмейді, қуанышын, ашуын, көз жасын жасырады. Анасының сатқындығынан кейін тап болған өзінің балалық қайғысына батып қалған. Екі аптадан кейін ер адамның анасы келіп, аналар үйінің басшылығының сеніміне кіріп, қызға бас-көз боламын деп, сәбиімен бірге алып кетеді", - дейді Дина Смайылова.

Қор басшысының айтуынша, қыздың анасы барлық жағдайды біледі. Қызы босанғаннан кейін келген, бірақ зорлаушыны қорғаған.

16 жаста бұл қыз тағы босанған. Ұлды болған. Ол кезде үлкендер полицияға қыз өзі еркектермен жыныстық қатынасқа түскен деп сендірген. 

"Ұл ауру болып туылған. Дем ала алмай, құсқан, іші ауырған. Үш ай бойы бәрі үнсіз оның ауырғанына қарап отырған. Қыз дәрігер шақыруды өтінген. Алайда баласы үш айдан кейін шетінеген, бір жерге жерлеген", - дейді "НеМолчи" қорының басшысы.

Дина Смайылованың айтуынша, зорлық жасады деген күдікті кәмелет жасына толғанға дейін сотталған және ол бірнеше рет үйінен қашқан. Қазір ол қамауға алынды. Алайда оның отбасы бостандықта жүр. Смайылованың айтуынша, анасы мен қызына әлі де қауіп төніп тұр. Қор басшысы құқыққорғаушылар мен қоғам белсенділерінен көмек сұрап отыр. 

Алматы облысы Полиция департаментінің мамандары 24 желтоқсанда зардап шегуші арыз жазғанын мәлімдеді. Қазір ол 18 жаста. Ол өзін 2014 жылдан бері зорлады деп жазған.

"Облыстық ПД басшысы тергеуді бақылауға алды. Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 122-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу барысында 30 жастағы ер адам ұсталды", - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети