24 желтоқсан 2020 13:11

Алматы облысында Toyota көлігін ұрлап кеткен жасөспірімдер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: elements.envato.com Сурет: elements.envato.com

Алматы облысында 14 жастағы жасөспірім Toyota Camry көлігін ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.


Алматы облысында 14 жастағы жасөспірім Toyota Camry көлігін ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қарасай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Райымбек ауылының 33 жастағы тұрғыны көмек сұрап келген. Ол Toyota Camry көлігінің ұрланғаны туралы арыз жазған. Жәбірленуші үйге шай ішуге барғанын, үйден шыққанда көлігі болмағанын айтады.

"Полиция қызметкерлері бір сағаттың ішінде жоғалған көлікті автокөлік базарының маңында тапқан. Салонда Алматыда тұратын 14 жастағы екі жасөспірім болған. Ұсталғандар ұрлық жасағандарын мойындады. Олар жай ғана көлікпен жүргісі келгенін айтты", - делінген хабарламада.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы 2-бөлігі ("Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену") бойынша тергеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети