27 қыркүйек 2016 09:59

Алматы облысында үш ер адамды өлтірді делінген күдіктілер қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының Жамбыл аудандық соты үш ер адамды өлтірді делінген күдіктілерді қамауға алу туралы шешім шығарды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұсталғандар екі айға қамауға алынды  - 24 қарашаға дейін. Осыған дейін ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі өндірістің басталғаны хабарланған болатын.

Бұл қылмысқа қатысы бар делінген 1971 және 1975 жылғы екі ер адамның ұсталғаны хабарланып отыр. Ал осыған дейін Алматы облыстық ІІД өкілдері ұсталғандардың Алматы облысының Жамбыл ауданының тұрғындары екенін хабарлаған.

Еске салайық, Талдықорған қаласына жақын маңдағы Көксу ауданының 3 тұрғыны Алматы жақтағы Ұзынағаш базарында мал сатамыз деп із-түссіз жоғалып кеткен болатын. 

Кейінірек олардың өлі табылғаны хабарланған еді. Ведомстводағылардың айтуынша, марқұмдардың денесінде зорлық белгілер бар. Полицейлер кісі өлтірді деген күдіктілерді ұстапты. Олар Жамбыл ауданының екі тұрғыны. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеу басталыпты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети