17 сәуір 2018 13:04

Алматы облысында үш жасар баланы азаптаған күтуші әйел видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mchildren.ru © mchildren.ru

Алматы облысында бала күтуші үш жасар сәбиді азаптаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында бала күтуші үш жасар сәбиді азаптаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысының №2 ювеналдық сотының үкіміне сәйкес, сотталушы 100 мың теңге айлыққа Талғар ауданы Тұздыбастау ауылындағы отбасылардың біріне бала күтуші болып жұмысқа тұрп, үш жасар сәбиге қараған. 

2017 жылдың 9-24 қазан аралығында ол үйде сәбидің анасының жоқтығын пайдаланып, оны қорлап келген. Мұны ата-анасы тек үйде орнатылған видеобақылау камерасы арқылы білген. Сотталушы видеожазбаны көрсеткен соң ғана кінәсін мойындаған.

Соттың үкімімен әйел 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орта деңгейдегі қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өтейді. Ол сот залында қамауға алынды. Сондай-ақ, оған бес жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынды. Айта кетейік, сотталған әйел - Өзбекстан азаматшасы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети